377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Азат Перуашевті қабылдады

  • 382
  • UPD: 16:10, 22.11.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі, төменгі палата депутаты Азат Перуашевті қабылдады.

Кездесуде Елбасы саяси ұйым атқарып жатқан жұмыстарды саралап, ұсыныстарын да тыңдады. Сондай-ақ партияның мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын айтты. Ал Азат Перуашев Президент Жолдауы аясында отандық бизнесті дамыту тетіктерін сөз етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Көптен бері «Ақжол» партиясын басқарып келе жатсын. Депутаттардың ішінде ардагерсің. Істеп жатқан жұмысыңның бәрі белгілі.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ДП фракциясының жетекшісі:

– Мемлекет басшысына «Ақ жол» партиясы жүзеге асырып жатқан жұмыстарды баяндап бердім. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын көтеруді көздейтін Жолдау аясындағы істерге кеңірек тоқталдым. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» мен «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламалары бойынша және жалпы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған өз ұсыныстарымызды ортаға салдым.

Хабар 24 телеарнасы