369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «КИМЭП университеті» АҚ президентін қабылдады

  • 313
  • UPD: 19:09, 23.11.2018

Мемлекет басшысы «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты биыл білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойынша ғылым және білім саласын дамыту ісінде үздік деп танылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгтің кездесуінде мәлім болды. Басқосуда Елбасы оқу орнының тыныс-тіршілігі және даму жоспарының жүзеге асырылу барысымен танысты. Сондай-ақ заман талабына сай білікті маман даярлау ісінде университет жұмысының тиімділігіне тоқталды. Ал Чан Йан Бэнг түлектердің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде екі қолға бір күрек табатынын алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– С деятельностью я ознакомился, вуз работает нормально. Университет был создан в 1992 году. За эти годы вуз окончили около 12 тысяч студентов. Сегодня здесь трудится профессорско-преподавательский состав из различных стран мира. На платной основе обучается 2109 студентов по 29 образовательным программам. Работает нормально, готовит специалистов для экономики.

Чан Йан Бэнг, «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті:

– «КИМЭП» университеті білім-біліктілігі қоғам талаптарына сай келетін жоғары сапалы мамандар даярлайды. Түлектеріміздің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде жұмысқа орналасады. Бұдан бөлек, университетте PhD дәрежесін иелегендер саны көп. Өзіңіз айтып өткендей, бізде 114 оқытушы және 2 жарым мыңға жуық студент бар. Қазіргі таңда оқытушылық құрамның 40 пайызы – шетелдік, ал қалғаны – отандық. Университет 28 білім беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Олардың әр қайсысы кемінде екі халықаралық аккредитацияға ие.

Осы категория бойынша: « Елбасы ресейлік телерадиокомпанияға сұхбат берді Елбасы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы