369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данэлия Тулешова «Junior Eurovision» байқауында алтыншы орынды иеленді

  • 292
  • UPD: 05:34, 26.11.2018

Беларусь астанасы Минскіде «Балалар Евровидениесі» конкурсы аяқталды. Халықаралық ән байқауында Польша өкілі Роксана Вегель топ жарды.

Жас өрендер додасына тұңғыш рет қатысқан Қазақстан да өз жүйрігін қосты. Минскідегі ән сайысында отандасымыз Данэлия Тулешова қазақ және ағылшын тілінде «Өзіңе сен» атты композицияны орындады.

Данэлия осы әнімен Алматыдағы Ұлттық іріктеуде жеңіске жеткені белгілі. Минскіде 20 елдің күміс көмей жас таланттары қатысқан айтулы сында қазақстандық өнерпаз алтыншы орынға ие болды. Ол 171 ұпай жинап, ән байқауында көрермен көзайым болып, онлайн дауыс беруде үздік үштіктен көрінгенін айта кету керек. Отандық эстрада жұлдыздары мен мамандар алтыншы орынның Данэлия үшін үлкен жетістік екенін атап өтті. 2018 жылғы «Евровидение» конкурсының екінші орыны француз қызы Анджелинаға бұйырды. Австралиялық Джаэль үздік үштіктен көрінді. 

Данэлия Тулешова, әнші:

- Мені қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс айтамын. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бұл Қазақстанның «Евровидениеге» алғаш қатысуы, сол себепті бүгінгі нәтиже жаман емес деп ойлаймын. Көп рақмет. Мен сіздерді жақсы көремін.

Алан Әжібаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

- Дауыс беру барысында барша қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, Данэлияны қолдады. Сол үшін отандастарымызға алғыс айтамыз. Себебі 20 мемлекеттің ішінде көрермендер қолдауымен үздік үштіктен көріну шынында да айтуға тұрарлық жетістік.

Осы категория бойынша: « Елбасы Кәрім Мәсімов пен Қалмұханбет Қасымовты қабылдады Елордада Х Экономикалық форумның екінші күні өтіп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы