376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

  • 330
  • UPD: 20:27, 26.11.2018

Маңғыстау облысының экономикалық даму индикаторлары 100 проценттен жоғары.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған аймақ басшысы Ералы Тоғжанов осылай деді. Кездесуде өңірдің даму қарқыны бағамдалды. Әсіресе, өндірістік қуатты еселеу мүмкіндігі егжей-тегжейлі қаралды. Облыс әкімі бұл істің Президент тапсырмасы бойынша нәтижелі жүзеге асып жатқанын жеткізді. Жалпы өңірдегі өндіріс саласының өсімі қазір 101 процентке тең. Былтыр бұл көрсеткіш төмен болатын. «Алдағы уақытта өсімді тағы 1-2 процентке арттыруға мүмкіндік бар», – деді Ералы Тоғжанов.

Хабар 24 телеарнасы