371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен VIII Азаматтық форум басталды

  • 310
  • UPD: 14:32, 28.11.2018

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім» тақырыбында VIII Азаматтық форумның пленарлық отырысы басталды.

Барлық үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тексеретін бірыңғай электронды реестр құру қажет. Елбасы Азаматтық форум аясында осындай тапсырма берді. Президент бұл ұйымдардың ел дамуындағы ерекше рөлін атап өтіп, оларға қаржы бөлуге ерекше назар аудару жайында сөз қозғады. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға бірқатар мемлекеттік функцияны жүктеу керектігіне тоқталды. Мәселен, мұндай бірлестіктер экология, балаларды әлеуметтік қорғау сынды міндеттерді атқаруы тиіс. Олардың Қазақстанда жүзеге асып жатқан жастар саясатындағы рөлін арттыру да көзделген. Азаматтық қоғам өкілдерінің баяндамаларымен танысып, Президент бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, елде түрмелердің санын азайту, балалар үйлерін жабу, жұмыссыздық мәселесін шешу жайын тілге тиек етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың қажет екенін мен әрбір Жолдауымда айтып келе жатырмын. Басты мақсатымыз азаматтарымыз саналы болып, дамыған қоғам құру, еліміздің бірлігін жұмыла еңбек етсек, барлық міндеттерді жүзеге асырамыз. Өркендеген 30 елдің қатарына кіреміз деген мақсат барлығымызға бірдей. Ол – үлкен мақсат. Сол елдердей сауатты боламыз деген сөз. Мәдениет сондай болады деген сөз. Бұл форум азаматтық секторға серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына үлкен жол сілтейді деп сенемін. Бүгінгі басқосуда нақты ұсыныстар айтылып жатыр. Бұл көтерілген проблемалардың бәрі мұқият сарапталып, Үкімет, Парламент, ҮЕҰ бірге тиісті бағдарлама қабылдау қажет.

Осы категория бойынша: « Елбасы Астанада өтетін VIII Азаматтық форумға қатысады Н.Назарбаев: Қазақстанда балалар үйі болмауы тиіс »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы