371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Ата-ананы қарттар үйіне тапсыру ұлттық болмысымызға жат қылық

  • 350
  • UPD: 08:31, 29.11.2018

Елімізде бала асырап алу жөнінен ұлттық агенттік құрылуы мүмкін. Елбасының қатысуымен өткен сегізінші Азаматтық форумда осындай бастама көтерілді. Жиында үкіметтік емес ұйымдардың 2016-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы таныстырылды. Енді үкімет нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс. 

Үкіметтік емес ұйымдар кез келген мемлекеттің сенімді серігі. Қоғамның дамуын көздейтін елімізде осындай 22 мың бірлестік тіркелген. Алайда 14 мыңы ғана нақты жобалар төңірегінде жұмыс істейді. Ендігі мақсат осындай олқылықтарды жойып, түйінді мәселелерді шешу.

Дархан Қалетаев, ҚР Қоғамдық даму министрі:

- Форум барысында үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселесін реттедік. Бұдан бұлай грант бөлген уақытта сапаға баса мән беріледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдік жасауға мүмкіндік туады. Бизнестің сала жұмысын жандандыруға қосатын үлесі де артуы тиіс. Бұған қоса халықаралық донорлық мекемелерден қаржы тартып, үкіметтік емес ұйымдарға шағын несие бөлуді ұсынып отырмыз.

Жалпы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекет тарапынан қаржыландыру көлемі қазір 20 миллиард теңгеге жетті. Кейбір облыс орталықтарында осындай мекемелер үшін ресурстық орталықтар бой көтеріп, нәтижелі жұмыс істеп келеді. Бірақ жұмысы тек қағаз жүзінде жүретін, яғни тек тіркеуде тұрған ұйымдар көп. Олардың санын азайту үшін банкроттық жүйені қолдану көзделіп отыр. Ал нақты жұмыс істейтіндері бірыңғай порталға топтастырылады.

Асылбек Қожахметов, Азаматтық альянстың басшысы:

- Бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың байланысын дамыту керек. Ол үшін отандық компаниялар бізді директорлар кеңесіне қосуы керек. Ал республикалық бюджеттегі игерілмеген қаржыны әлеуметтік салаға жұмсауды ұсынамыз. Яғни арнайы бюджет беруді емес, артылған қаражатты игеруге ниеттіміз.

Форумда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы да сараланды. Атап айтқанда, жергілікті қауымдастық қоры бар Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы табысты тәжірибе үлгі етілді. Бұл өңір түйткілді мәселелерді өздігінен шешіп, белсенді азаматтарды ортақ іске жұмылдыруымен бірегей. Яғни жергілікті қор екі қолға бір күрек іздегендерге көмек көрсетіп, инвестиция тартумен де айналысады.

Бақыткүл Елшібаева, форум делегаты:

- Осы жұмыстың арқасында 400 адам жұмыспен қамтылып, 124 шағын шаруашылық ашып, ауданның дамуына 600 миллионға жуық инвестиция тартып отырмыз. 

Бизнес саласы да азаматтық сектордың дамуына қомақты үлес қосуы қажет. Осындай мақсат-мүддені ұстанған отандық компаниялардың бірі елімізде 25 «аналар үйін» ашты. Әлеуметтік жобаның нәтижесінде соңғы 5 жылда балалар үйінің тәрбиеленушілері 11 мыңнан 5 мыңға азайды.

Айдын Рахымбаев, құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы:

- Біз еліміздегі жетім балалар санын азайтқымыз келеді. Оларды бауырына басам деушілер болса өз көмегімізді беруге дайынбыз. Соңғы 2 жылда біздің қорға бала асырап алғысы келген 5 мың адам келді. Олардың мыңға жуығын ата-ана болуға дайындадық. Сөйтіп, 800-дей тастанды бала өзіне жаңа отбасы тапты. Нұрсұлтан Әбішұлы, мұның барлығы сіздің қолдауыңызбен, қазақстандық кәсіпкерлердің демеуімен жүзеге асты. 

Жетім көрсең жебей жүр. Форум барысында Мемлекет басшысы осы ұлт даналығын ұстанып, игілікті іс атқарып жүрген кәсіпкерлердің жұмысын оң бағалады. Тіпті олардың бала асырап алудың ұлттық агенттігін құру жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. Мұндағы мақсат - еліміздегі жетімдер үйлерін жойып, ұлттық бітім-болмысты сақтау.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Начну с Айдына Рахымбаева. Многие бизнесмены занимаются благотворительностью, оказывают помощь. Дом мамы, сироты. Вот это меня оень сильно волнует. Я считаю, что в Казахстана детских домов не должно быть. Біздің балаларымыз мұхиттың арғы жағына барып өскенде ертең бәрібір елін, жерін сағынады. Бөтен адам болып келеді. Белгілі ғой, қолымыз оған тиген жоқ. Қаражатымыз болмады. Мемлекет қиын қыстау заманда жүргенде ол мәселені жіберіп алдық. Бірақ өзіміздің қазақшылықта да, мұсылмандарда да бар ғой жетімге қолыңды созсаң жұмақтан бір-ақ шығасың деген. Агентство, кто этим занимается?

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Соңғы 3 жылда елімізде жетімдер үйі 122-ге дейін азайды және шетелге бір де бір қазақ баласы кеткен жоқ. Бұл процесті жылдам жүргізуге тырысамыз. Алдағы 3 жылда жетімдер үйіндегі балалар саны 2 мыңға дейін азаюы тиіс. Ал арнайы агенттік құру жөніндегі бастаманы біз қарауға дайынбыз.

Мемлекет басшысы қарттар үйінің санын да азайту мәселесін көтерді. «Бұл ұлттық бітім-болмысымызға сай келмейтін қарама-қайшылық»,- деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қазір мен ақсақалдардың үйіне барып, қазақтың әжелері мен аталары отырғанында жаным ауырады. Сонда келіп сұрайсың: ақсақал, балаларыңыз бар ма? Қайтесің, қарағым деп, ары қарап жылайды. Сонда қалай болғаны ғұрпымыздан ажырағанымыз ба? Әке-шешемізді ана жаққа апарып тастап, қалай үйде отырамыз? Әр жерде қарттарға деген қарым-қатынас әртүрлі.

Қоғамдағы тағы бір әлеуметтік түйткіл - өскелең ұрпақ тәрбиесі. Елбасы жас жұбайлардың ажырасу жағдайы, ерте жастан бала көтеріп, кейін одан бас тартуы сынды мәселелерге форум қатысушыларының назарын аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Разные ситуации бывают. В одних с родителями не уживаются, у одних жилья нету, у третьих не хвататет зарплаты. Но самое главное неподготовленная молодежь создает семью.

Елбасы жастардың екі қолға бір күрек тауып, жұмыссыз жүрмеу қажеттігін де алға тартты. Ол үшін мемлекет тегін кәсіби-техникалық білім беру жүйесін енгізді. 

Үкіметтік емес ұйымдар қолға алған тағы бір нәтижелі жоба Қазақстандағы жазасын өтеушілерді еңбекке баулып, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жол ашты. Нәтижесінде еліміз сотталған азаматтардың саны бойынша әлемде 85-орынға төмендеді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті:

- Оттуда нормальным человек не выходит. Там наоборот в другую сторону толкаем человека. Поэтому за малейшую провинность, за бизнес нарушения надо наказывать деньгами. Так мы изменили законодательство, что привело к снижению тюремного населения. Есть возможность возможность нормальное содержание в тюрьмах тоже сделать. Есть экстремисты, террористы. Вместе с ними сажаем молодых людей. Неправильно это. Поэтому эту работу надо продолжать и спасибо за эту работу. 

Елбасы форум барысында үкіметтік емес ұйымдар жобасына жан-жақты қолдау білдіріп, бұл іске бизнес те жұмыла кірісу қажеттігін айтты. Яғни мемлекеттік қолдау арқылы еңсе тіктеп, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер қоғам дамуын қамтамасыз етуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Финансирование понятно должно быть. Для этого в рамках Цифровой Казахстан создать единую электронную базу для НПО. Второе эффективный. В третьих, передать государственный функций. Интересный вопрос. В рамках этого направления могут быть решены некоторые проблемы. 

Жиын қорытындысында үкіметтік емес ұйымдар 2019-2025 жылдарға арналған тұжырымдама енгізіп, жастар саясатына баса көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Бұл бағытта үкіметке нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу міндеттелді.

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Форум үкіметтік емес ұйымдардың мемлекетпен иық тіресе жұмыс істеуге әзір екенін көрсетті. Себебі олар көтерген мәселелер қолға алынған бастамалар ауқымды әрі елдегі әлеуметтік түйткілдерге бей-жай қарамайды. Бұл мақсат-міндеттер форум аясында өткен 35 бірдей панельдік сессия отырысында айтылып, нақты бағыт-бағдар белгілі болды.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Өмірбек Ізімов

Осы категория бойынша: « Н.Назарбаев: Қазақстанда балалар үйі болмауы тиіс Мемлекет басшысы ҮЕҰ қызметін тексеретін бірыңғай реестр құруды тапсырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы