377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы ҮЕҰ қызметін тексеретін бірыңғай реестр құруды тапсырды

  • 318
  • UPD: 17:51, 28.11.2018
Мемлекет басшысы ҮЕҰ қызметін тексеретін бірыңғай реестр құруды тапсырды

Барлық үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тексеретін бірыңғай электронды реестр құру қажет. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8-азаматтық форум аясында осындай тапсырма берді.

Президент бұл ұйымдардың ел дамуындағы ерекше рөлін атап өтіп, оларға қаржы бөлуге ерекше назар аудару жайында сөз қозғады. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарға бірқатар мемлекеттік функцияларды жүктеу керектігіне тоқталды. Мәселен, мұндай бірлестіктер экология, балаларды әлеуметтік қорғау сынды міндеттерді атқаруы тиіс. Олардың Қазақстанда жүзеге асып жатқан жастар саясатындағы рөлін арттыру да көзделген. Азаматтық қоғам өкілдерінің баяндамаларымен танысып, Президент бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, елде түрмелердің санын азайту, жұмыссыздық мәселесін шешу жайын тілге тиек етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнатудың қажет екенін мен әрбір Жолдауымда айтып келе жатырмын. Басты мақсатымыз азаматтарымыз саналы болып, дамыған қоғам құру, еліміздің бірлігін жұмыла еңбек етсек, барлық міндеттерді жүзеге асырамыз. Өркендеген 30 елдің қатарына кіреміз деген мақсат барлығымызға бірдей. Ол үлкен мақсат. Сол елдердегі сауатты боламыз деген сөз. Мәдениет сондай болады деген сөз. Бұл форум азаматтық секторға серпін беріп, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына  үлкен жол сілтейді деп сенемін. Бүгінгі басқосуда нақты ұсыныстар айтылып жатыр. Бұл көтерілген проблемалардың бәрін мұқият сарапталып, үкіметпен бірге Парламентпен бірге, ҮЕҰ бірге тиісті бағдарлама қабылдау қажет. 

Сондай-ақ Елбасы алқалы жиын барысында Қазақстанда балалар үйлерін жабу керек екендігін қадап айтты. Отандық бизнесмендер балаларды асырап алу ұлттық агенттігін ашу туралы ұсыныс  білдірді. Президент бұл бастаманы толыққанды қолдады. Ал Білім және ғылым министрілігі өкілдеріне кәсіпкерлермен кездесіп, үкіметтік емес ұйымдармен бұл бағытта  бірлесіп жұмыс істеуді тапсырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Мы должны обратиться к нашим бизнесменам. Благодаря государству и политике, которую я провожу, с первых дней оказать поддержку МСБ – снять барьеры, снять проверки, теперь у нас есть самостоятельные люди. И они просто обязаны повернуться лицом к своему народу, за счет которого стали богатыми. Как говориться, если бедные не будут довольными, богатые не будут богатеть дальше.

Хабар 24 телеарнасы