371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті

  • 227
  • UPD: 18:35, 29.11.2018

Келер жылдан бастап төмен жалақы алатын азаматтардың еңбекақысы 1 жарым есе артады.

Бүгін Елбасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдап, осыған мән берді. Президент келер жылдан бастап зейнет жасына қарай зейнетақы төлемдерін 7 пайызға арттыруды да тапсырды. Сондай-ақ мүгедектігі үшін және асыраушысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік жәрдем көлемін де 5 пайызға ұлғайтуды жүктеді. Айта кетейік, биыл жыл басынан бері тұрмысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілді. Нәтижесінде 10 айдың ішінде 534 мың адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Кейінгі істеп жатқан шаруалардың барлығы мен айтқан 5 әлеуметтік бастама елдің әл-ауқатын жоғарылатуға бағытталған. Соның барлығы осы министрліктің құзырында, мысалы, биыл әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы – 2,6 трлн теңге. Былтырғымен салыстырғанда, 21 млрд-қа жоғарылап отыр. Оның үстіне ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 1 млн 300 мың адамға тиісті болады дедік. 275 мың шенеуніктердің жалақсы көбейеді деп жатырмыз. Зейнетақы жөнінде, қауіпсіздендіру мәселесіне көшуіміз керек. Оны тоқтатып қойдық. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндердің жағдайы көптен бері шешілмегеннен кейін сені осы жұмысқа қойдық. Жақсы жұмыс істеп жатырсың. Соның жағдайын баянда.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Халықтың әл-ауқатын өсіру мен тұрмыс сапасын арттыру мәселесі сіздің ерекше назарыңызда. 5 әлеуметтік бастама мен сіздің Жолдауыңызда қойылған нақты тапсырмалар халықтың табысы мен өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз – осы шараларды толығымен орындау. 2018 жылы Еңбек және әлеуметтік сала алдында қойылған тапсырмаларыңыз толығымен орындалды.

Сондай-ақ Елбасы шағын несие көлемін арттыруды тапсырды. Бастысы мұндай қолдау тұрғындарға қолжетімді болу керек. Ал өзін-өзі жұмыспен қамту мәселесі де біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінде елімізде ресми дерек бойынша 2 млн 700 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтып келген. Қазір 1 млн 800 мың адам осы тізімнен шықты. Яғни әлеуметтік қамту жүйесіне кірді. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев келер жылдан бастап еңбек ететін барлық азаматтар бірыңғай жиынтық төлем жүйесіне қосылатынын тілге тиек етті.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы ҮЕҰ қызметін тексеретін бірыңғай реестр құруды тапсырды Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы