369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Энергетика министрін қабылдады

  • 265
  • UPD: 19:54, 29.11.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Кездесуде еліміздің электр қуатын өндіру нарығындағы ахуал сараланды. Жауапты сала басшысы таяуда өткен Қауіпсіздік кеңесінде Президент берген тапсырмалар бойынша есеп берді.

Елбасы тарифтерді белгілеу ісіне тәртіп орнату қажеттігін айтты. Министрдің мәліметінше, желтоқсан айында салада ауқымды өзгерістер орын алады. Келер жылдың қаңтарынан бастап тарифтер құны бір ретке келтірілуі тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

– Министерство завершает год с хорошими показателями по всем направлениям, в том числе в сфере добычи нефти, электроэнергетики, альтернативных источников энергии, геологоразведки, и по работе с крупными инвесторами. Была озвучена критика в отношении тарифов, за которые отвечает не только министерство энергетики. За источник электроэнергии и транспортировку несет ответственность министерство энергетики, а контроль над перераспределением и доведением до потребителя осуществляет антимонопольный комитет. Ежегодно на заседании Правительства Министерство энергетики докладывало о необходимости снижения тарифов. По этим вопросам Премьер-Министр и Правительство не принимали мер. Поручаю всем, чтобы в этой сфере был наведен порядок. Вся цепочка ответственных ведомств должна быть под эгидой министерства, либо Правительство само должно координировать процесс.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

– Министрлікке станциялар өндіретін электр қуатының шекті тарифін белгілеу міндеті тиесілі. Сіздің тапсырмаңыз бойынша жұмыс жүргіздік. Желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде қуаттылыққа қатысты тариф белгілі болады. Сондай-ақ сол уақытта электр энергиясына шекті тарифті анықтаймыз. Олардың бағасы әр станцияға әр түрлі болады. Ал монополияға қарсы комитет өңірлік станцияларды бағаны реттеу керек. Негізі еліміздің энергетика саласына салааралық реттеу жүйесі енгізілген. Бірақ кейбір мемлекеттерде бұл іске бір ғана ведомство жауапты.

Осы категория бойынша: « Елбасы төрағалығымен халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті Елбасы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық бірлестігі клубтарының тәрбиеленушілерімен кездесті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы