371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» ДБҰ ғылыми-зерттеу кешеніне барды

  • 496
  • UPD: 14:21, 01.12.2018
Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» ДБҰ ғылыми-зерттеу кешеніне барды akorda.kz

Елбасы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының ғылыми-зерттеу кешеніне барды.

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы инфрақұрылымының бір бөлігі саналатын жаңа ғылыми-зерттеу кешенінің жұмысымен танысты.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті электрондық микроскопия, атомдық-күш микроскопиясы, робот техникалары және зияткерлік жүйелер, озық робот техникалары мен мехатрондық жүйелер зертханаларын, сондай-ақ энергетикалық ғарыштық зертхананы аралап көрді.

Жалпы, кешенде 117 зертхана, соның ішінде 67 инженерлік-техникалық, 40 химия-биологиялық және 10 таза аймақ бар.

Ақпарат көзі: akorda.kz

Осы категория бойынша: « Елбасының қатысуымен «Ұлы дала мұрагерлері» форумы өтіп жатыр Н.Назарбаев: Ғарышқа ұшу 2050 жылға таяу үйреншікті кәсіпке айналуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы