377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • 394
  • UPD: 23:35, 04.12.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін сыртқы факторлар аталып, қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асу барысы қаралды.

Президент «Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетірес, Қытай мен АҚШ-тың сауда соғысы және Сириядағы ахуал сынды жаһан жұртын мазалаған мәселелерге тоқталып, олардың кері әсерінен қорғанудың қам-қарекетін жасау қажет» деді. Кеңес отырысында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан қарулы күштерінің әскери дайындығы жайлы баяндап, жыл орайында өткізілген оқу-жаттығулардың қорытындысына тоқталды. Бұдан бөлек жиында өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту және жаңа қорғаныс өнімдері өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінгі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында екі мәселе қаралатын болады. Бірінші мәселе - ұлттық қауіпсіздік жағдайына әсер ететін сыртқы факторлар туралы. Сыртқы факторлардың не болып жатқанын білеміз. Екіншіден, қорғаныс саласындағы іс-қимылымыз қалай болу керек болашақта. Қазіргі жағдайда, қатерлер болған жағдайда қандай шаралар қолдануымыз керек, қандай тәртіп құруымыз керек. Жоспарларды көріп шықтым.  Ол жоспар дайындалды. Оны біз талқылап, шешім қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы