369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады

  • 197
  • UPD: 12:26, 06.12.2018

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ еңбек биржасы құрылады. Электронды ресурс ұйымға мүше елдердің азаматтары үшін екі қолға бір күрек табуға қолайлы мүмкіндік беруі тиіс. Бұл бастаманы Қазақстан үкіметі Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында көтерді.

Жиында еліміз тарапынан екі бірдей ұсыныс жасалды. Алғашқысы еңбек биржасын құру болса, екіншісі бизнеске арналған цифрлық платформа қалыптастыру. Енді тың бастамалар мемлекет басшыларының деңгейінде қолдау тапса, жүзеге асырыла бастайды. Бұған қоса Одақ елдері үкіметінің өкілдері интеграциялық байланысты одан әрі жетілдіруге арналған декларация жобасын қарады.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Қазақстанда өздеріңіз білесіздер «еңбек» деген. Ол деген прототип болады. Әрбір адам тек қазақстандықтар емес, мысалы бүкіл Еуразиялық экономикалық одақта, тек Қазақстанда емес, Ресейде жұмыс тапқысы келсе, бірыңғай үлкен информациалық биржа болады, цифрлық. Өте оңай, жұмыс табу, көшу тек Қазақстанның ішінде емес, бүкіл Еуразияда нарық болады.

Айта кетейік, бүгін Санкт-Петербургте Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы мен ТМД-ға мүше елдер мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді. Жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы қатысады деп жоспарланып отыр. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында биылғы одақ жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсат-міндеттер айқындалады. Мәселен, одақішілік әріптестікті дамыту мен ортақ мұнай-газ нарығын қалыптастыру жайы қаралады деген жоспар бар. Сондай-ақ Иран және Қытаймен еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісім бекітілмек. Жалпы жиынның күн тәртібіне 20-дан аса мәселе шығарылады.

Осы категория бойынша: « Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторы Ж.Пайеттпен кездесті Елбасы Ресейге жұмыс сапарымен барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы