369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Санкт-Петербургте ЕАЭО-ға қатысты декларация қабылданады

  • 340
  • UPD: 15:14, 06.12.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Санкт-Петербург қаласына барды. Онда Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.

Мәртебелі жиын сәлден кейін басталуы тиіс. 

Рауан Мыңбаев, тілші:

- Кеңесте қаралатын ең маңызды құжат – бұл декларация. Онда Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы бағыт-бағдары айқындалады. Құжатты әзірлеуге 5 мемлекеттің үкіметі 9 ай уақыт жұмсаған. Енді бүгін мемлекет басшылары оған қол қояды деп күтіліп отыр. Жалпы жиын барысында ортақ мұнай-газ нарығын қалыптастыру мәселесі қаралады. Сондай-ақ, үшінші мемлекеттер тарапынан әкелінетін тауарға баж салығын салу жайы жан-жақты талқыға салынбақ. Отырыс алдымен шағын кейін кеңейтілген құрамда өтеді. Бір ерекшелігі, президенттердің алғашқы басқосуы жабық есік жағдайында ұйымдастырылады деген болжам бар. Дегенмен, күн тәртібінде қаралатын мәселелер бізге мәлім. Олардың бір парасы Иранмен еркін сауда аймағын құру жөніндегі уақытша келісімге қатысты болмақ. Оған қоса, Қытаймен де сауда-экономикалық серіктестік орнату жөніндегі мәміле қаралады. Сонымен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшағы Санкт-Петербург әуежайына қонды. Сәлден кейін Елбасы кеңес отырысы өтетін Президент кітапханасына келеді. Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевты әріптесі Владимир Путин күтіп алуы тиіс. Еске сала кетейін, ауқымды жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан президенттері мен Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы қатысады. Сонымен қатар, бақылаушы мәртебесіне ие Молдова көшбасшысы да осы басқосудың басы-қасынан табылуы тиіс.

Осы категория бойынша: « Елбасы Ресейге жұмыс сапарымен барды Елбасы ЕАЭО-ның келесі саммитін Астанада өткізуді ұсынды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы