376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар 24» жылдың үздік ақпараттық арнасы атанды

  • 437
  • UPD: 21:44, 09.12.2018

«Хабар 24» биылғы жылдың ең үздік ақпараттық арнасы атанып, «Қоғамдық құрмет» ұлттық сыйлығына ие болды.

Бұл марапат еліміздегі жемқорлық пен парақорлыққа қарсы белсенді насихат жүргізген түрлі сала өкілдеріне беріледі. Биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылған ұлттық жобада тілшіміз Асхат Ниязов та бар. Ол үздік журналист атанды. Бұл сыйлықтың жөні бөлек. Себебі, таңдаулыларды көпшіліктің өзі анықтайды. Яғни екі апта бойы әлеуметтік желілерде жұрттың дауыс беруі арқылы үздіктер белгілі болады. «Тәулік бойы хабар тарататын «Хабар 24» арнасы жемқорлық фактілерін ғана емес, парақорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда да үлкен рөл атқарып жатыр», – дейді мамандар.

Төлеген Байғұлов, Жемқорлыққа қарсы медиа орталықтың төрағасы:

- «Хабар 24-тің» бүгін бес бағдарламасы номинант болды. Телеарнаның өзі ең үздік ақпарат арнасы болды. Тілшісі үздік болып жатыр. Сондықтан ақпаратты кеңінен таратып және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруы өте дұрыс. Оның бәрін біз, қоғамдық ұйымдар, халық болып, қоғам болып баға бердік.

Хабар 24 телеарнасы