389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада республикалық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды

  • 861
  • UPD: 16:24, 11.12.2018

«Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» «Парыз-2018», «Іскер», «Ұлы дала елі» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Мақпал асыға күткен жеңімпаздарының есімі белгілі болды. Бүгін 5 бірдей байқаудың жүлдегерлері марапатталып отыр. Олардың бірі еңбек етіп ерлесе, енді бірі демеушілік көрсетіп ел-жұртқа қамқорлық жасаған жомарт жандар. Осындай тұлғаларға берілетін «Парыз-2018» сияпаты экологияға қосқан үлесі үшін, әлеуметтік жауапкершілік аталымдары бойынша табысталды. Әрине, жеңімпаздардың бәрінің есімін атап өту мүмкін емес. Бірақ ең ерекшеленгендеріне тоқталып өтсем. Мәселен, «Парыз» байқауының алтын жүлдесі Маңғыстау облысындағы компанияға бұйырды. Кәсіпорын 330 жұмыс орнын ашқан. Қызметкерлердің орташа жалақысы 600 мың теңге. Бұған қоса, қайырымдылық мақсатқа жыл сайын 1,5 млн АҚШ долларын жұмсайды. Үздік ұжымдық шарт аталымы бойынша «Парыздың» тағы бір алтын жүлдегері қарамағындағы қызметкерлерді әлеуметтік қамтамсыз ету үшін жыл сайын 376 мың теңге бөледі. Ал Еңбек қорғау саласының үздік кәсіпорны аталымы бойынша Қостанай облысындағы кәсіпорын топ жарды. Мекеме қарамағындағы әрбір қызметкерді еңбек жарақаттарынан сақтандыру үшін 180 мың теңге жұмсайды екен.

Сондай-ақ бүгін «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа», «Іскер», «Ұлы дала елі» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Ауыр жүк көлігін шығаратын, ет өнімдерін экспорттайтын, косметика өнімдерін жасайтын, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдары, атап айтқанда, киізден аяқ киім, ұлттық киім-кешек, балалар киімдерін тігетін кәсіпорындар топ жарды. Ал қазір бірер минуттан соң Елбасының қатысуымен өтетін Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір басталады.

Президент қандай кәсіпорындарды іске қосқанын алдағы топтамада толыққан айтатын боламыз. Әзірге қолда бар ақпарат осы.

Авторы: Назерке Әбдірахманқызы

Хабар 24 телеарнасы