377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Жарлығымен үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар берілді

  • 599
  • UPD: 11:31, 14.12.2018

Мемлекет басшысы мемлекеттік наградаларды тапсыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы        

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп,

айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Бәйменова Құралай Базарбайқызы – «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы

Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы – «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы

Соловьева Алина Робертовна – «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.  

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Президенті                            Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан                 

№ 798

 

Хабар 24 телеарнасы