389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

  • 1461
  • UPD: 23:56, 14.12.2018

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынға қатысып, қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігін жария етті. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған азаттыққа қол жеткіздік. Тілімізді жаңғыртып, дінімізді қайтарып, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдадық. Қазір Қазақстан - қатарының алды. Озық отыздыққа қосылуға талпынып отырған ел. Сол елдің әрбір ірілі-ұсақты жеңісі – Тәуелсіздіктің тартуы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Баршаңызды баға жетпес басты мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қыран құстай еркіндікке ұмтылған халқымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы орындалған күн.

Тәуелсіздік – жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандық үшін аса қадірлі, айрықша ардақты ұғым. «Адам бақытты өмір сүруі үшін, оның тәуелсіз Отаны болуы қажет» деген даналық сөз бар. Бүкіл халқымыз ақсарбас айтып, егемендік байрағын көкте желбіреткеніне, міне, 27 жыл толып отыр.

Осы уақыт ішінде Қазақстан тамырын тереңге жайып, өрісін кеңейтіп, кемелдене түсті.

Тозығы жеткен, жабылған зауыт-фабрикалар, берекесі қашқан ауыл-аймақ, күйреген сан-сала – күні кешегі көрініс. Алайда өтпелі кезеңнің қиындығынан Тәуелсіздігін жоғары қоя білген ел сынақтан сүрінбеді. «Тұрақты экономика, тұрақты саясат және тұрақты қоғам». Қазақстан осы бағытынан жаңылған емес. Әрі ол тұтас мемлектеті табыстан табысқа жетелеп келеді.

Тұрғындардың тұрмысын жылдан жылға жақсарту. Президент бұл бағытты үнемі бақылауында ұстайды. Тек биылдың өзінде әлеуметтік салаға бөлінген қаржы 2,6 триллион теңгеге жетті. Бірінші қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге өседі. Биылғы Жолдауда осындай нақты тапсырма бар. Бұдан бөлек, жасына байланысты берілетін зейнетақы – 7%-ға, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақылар – 5%-ға артады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

За последние четверть века количество населения с доходами ниже прожиточного минимума снизилось в 15 раз, а реальная заработная плата выросла в 4 раза.Одними из самых главных достижений суверенного Казахстана стали рост абсолютной численности населения свыше 18 миллионов человек и увеличение средней продолжительности жизни до 72,5 лет.Все эти важные победы и триумфальные результаты убедительно свидетельствуют о верности выбранного нами курса.

Сыртқы саясатта сыйлымыз. Алты құрлықтағы алыптармен де, қоңсылас жатқан елдермен де татумыз. Былайғы жұрт қазақ елін ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы, интеграциялық бастамалардың ұйытқысы, бірнеше істің бітімгершісі ретінде біледі әрі құрметтейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Своей взвешенной и открытой политикой мы заслужили уважение и доверие всего международного сообщества. За эти годы в страну было привлечено 300 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций. Масштабные рыночные реформы позволили задействовать в экономике предпринимательский талант более миллиона наших граждан. В недавнем рейтинге Всемирного Банка по легкости ведения бизнеса Казахстан впервые вошел в тридцатку лучших среди 190 стран мира. Системная индустриализация экономики привела к значительному увеличению доли обрабатывающей промышленности, объем продукции которой сейчас составляет почти 9,5 триллионов тенге.

Сан алуан бағдарлама бар. «Нұрлы жолды», «Индустрияландыру» мен «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асырып келеміз, үшінші жаңғыруға бет бұрып, рухани жаңғыру жолын таңдадық. Бұлардың әрқайсы мұратшыл елді қамшылап қана қоймайды, ертеңгі күннің берік негізін қалауға септеседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- За время Независимости построено и реконструировано свыше 12,5 тысяч километров автомобильных дорог и более 2,5 тысяч километров железнодорожных путей. Весомые инвестиции в транспортно-логистическую инфраструктуру превратили Казахстан в мощный транзитный хаб континентального значения.

«Қазақстан. Тәуелсіздік. Астана». Бұлар біте қайнасып кеткен бір ұғым. 20 асқан елорда елмен бірге түледі, өркендеді. Қазақтың абыройын асқақтатты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еуразияның жүрегінде орналасқан жаңа елорда – жаңғырған Қазақстанның символы саналады. Биыл Ақордалы Астанамыздың 20 жылдығын жұрт болып жұмылып, жоғары деңгейде атап өттік. Бұл мерейтойға еліміздің барлық өңірлері атсалысып, шаһарымыздың көркейе түсуіне зор үлес қосты. Еліміз бүгінде әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында. Жаһан жұртшылығы Қазақстанды мойындап, сенімді серіктес ретінде таныды. Өңірлік проблемаларды шешу ісінде салиқалы саясат ұстанған біздің ұранымыз әрдайым татулық пен тұрақтылық болды. Қазіргі таңда мемлекетіміз халықаралық ұйымдардың бітімгерлік жұмыстарына белсене атсалысуда.

Азат ел атану талайдың арманы. Жер жаһанда 2,5 мыңнан астам халық болса, соның тек 200-ге жуығы - өз мемлекетінің иесі. Қазақ Тәуелсіздіктің қадірін жақсы түсінеді. Тағы бір ердің жасын еңсерген ел ұлы мұраттарға қарай бет бұрды.

Авторлары: Дархан Әбдуахит, Хасен Омарқұлов, Дулат Ентебеков, Президент телерадиокешенінің көмегімен

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерден оқи аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы