389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

  • 1673
  • UPD: 00:04, 17.12.2018
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16 жетоқсан – Тәуелсіздік күні. Ата-баба аңсаған асқақ арманның орындалғанына биыл 27 жыл толды.

Егемендігіміздің ширек ғасыры тарих қойнауына кетсе де, осы күнге дейін ел болып бағындырған белестер келешекке бастар берік іргетас болып қаланды. Зайырлы мемлекеттің ең басты қазынасы мен құндылығы адам өмірі және оның құқықтық бостандығы болып қала бермек.

Бірқатар халықаралық ұйыммен тығыз байланыс орнатып, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы барын көрсетті. Қазір күллі әлем Қазақстанды бейбітшіл әрі бітімгер ел ретінде таниды.

Ұлы мерекені бүкіл ел болып тойлаудамыз. Әр өңірде мәдени шаралар өтіп жатыр.

Айта кетейік, туған елінің гүлденуіне елеулі үлес қосып, толағай табыстарға жеткен дара тұлғалар мен ел ағалары Елбасының жоғары құрметіне ие болып, лайықты марапаттарын алды.

Хабар 24 телеарнасы