389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ өкілдері елімізге құттықтауларын жеткізді

  • 754
  • UPD: 01:58, 18.12.2018

АҚШ, Кот-Д’Ивуар және Өзбекстанның дипломатиялық миссия жетекшілері Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұмысының сәтті аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Леон Адом, Кот-Д’Ивуардың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

- Қазақстан халқын құттықтаймын. Игі тілектерімді арнаймын. Тәуелсіздік – кез келген елдің баға жетпес байлығы. Қазақ мемлекеті Кот-Д’Ивуармен жақсы қарым қатынаста. Біз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бірге жұмыс істейміз. Әрқашан да ынтымағымыз жарасқан. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде атқарған жұмыстары да елеулі екенін еске салғым келеді.

Джонатан Коэн, АҚШ-тың Бас ассамблеядағы елшісінің орынбасары:

- Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтағымыз келеді. Сіздерге барлық жақсылықты тілейміз.

Бахтиёр Ибрагимов, Өзбекстандағы БҰҰ тұрақты өкілі: 

- Ең алдымен Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Егемендік жылдары Қазақстан талай шыңдарды бағындырды. Әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелік еткен кезеңін айрықша атап өткім келеді. Орта Азия елдері арасында бұл мәртебеге қол жеткізген алғашқы мемлекет. Бұл ретте атқарылған шаралар ауқымды әрі маңызды. Біздің елдердің сыртқы істер министрлерінің бас қосуына ықпал етті. Қазақстандықтарға толағай табыс пен даму тілеймін!

Хабар 24 телеарнасы