378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

  • 702
  • UPD: 23:22, 18.12.2018

ЭКСПО көрмесінің аумағында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов еліміздің бас шыршасының шамдарын жақты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Салтанатты шараға қатысып, мерекелік көңіл-күйді сезіну үшін астаналықтар мен қала қонақтары ЭКСПО қалашығына әлі де келіп жатыр. Олар үшін арнайы бағдарлама әзірленді.

Дәл қазір ЭКСПО қалашығындағы көңіл-күй керемет. Бүгін төрт күнге жалғасқан мерекелік демалыстың соңғы күні. Алайда соған қарамастан астаналықтар мен қала қонақтары еліміздің бас шыршасын тамашалауға әлі де келіп жатыр. Шыршаның өзіне келсек, биіктігі – 25 метр. Оны көркемдеу үшін 1200 шар және 4 мың метр түрлі-түсті шам қолданылған.

Авторы: Нұршапағат Несіпбаев

Хабар 24 телеарнасы