376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер енгізілді

  • 381
  • UPD: 19:32, 26.12.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оған:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы;

2) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып өзгертіліп, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын.

  1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіруге жауапты;

2) мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарамағына беруді;

2) қайта құрылатын мемлекеттік органның тиісті штат санын беруді;

3) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының» пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;».

  1. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хабар 24 телеарнасы