377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы қазақстандықтарды Рождествомен құттықтады

  • 414
  • UPD: 11:05, 07.01.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтап, бейбітшілік пен бақыт тіледі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам. Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады. Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады. Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда. Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.

Хабар 24 телеарнасы