376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Сириядан оралған қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады

  • 1072
  • UPD: 23:47, 09.01.2019

Сириядағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мақсатында Елбасының тікелей тапсырмасымен жүргізілген гуманитарлық операция қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  мәлімдеме жасады.

Соғыс оты өршіген аймақтан отандастарымыз 6 қаңтар күні қайтарылды. Атап айтқанда, 17 әйел мен 30 бала елге оралды. Белгілі болғандай, олар дағдарыс жайлаған мемлекетке еріксіз барып, лаңкестердің тұтқынына түскен. Қазір бұл азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Олар зор қауіптен құтқарылғандарына дән риза. Алдағы бір ай көлемінде әйелдер мен балаларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп, қоғамға бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Президент мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстан өз азаматтарын қай жерде орналасқандығына қарамастан үнемі қолдайтын болады.

«Басты міндет - қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын қорғау»,- деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Менің тікелей тапсырмам бойынша 6 қаңтарда менің тапсырмам бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды. Олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді. Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы