377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Мырзатай Жолдасбековті қабылдады

  • 634
  • UPD: 17:38, 11.01.2019

Президент Нұрсұлтан Назараев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды. Мырзатай Жолдасбеков «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басты бағыттарды орындау барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақалада біздің халқымыздың басынан өткен сол дәуірлерде, әр кезеңдерде елдің көшін бастаған үлкен ғалым-ғұламалар болған. Солардың бірі - Сырдың бойында туған, бүкіл оғыз-қыпшаққа ортақ біздің Қорқыт бабамыз. Қорқыт бабадан қалған ғажап кітап бар. Оның бір нұсқасы Ватикан кітапханасында, бір нұсқасы Дрезден кітапханасында сақталып тұр. Мен қазір сол еңбекті қазақшалап жатырмын. Осыны шығару туралы да әңгіме жасадық.

 

Хабар 24 телеарнасы