378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы Ақкөл қаласына жұмыс сапарымен барды

  • 669
  • UPD: 16:44, 18.01.2019
Мемлекет басшысы Ақкөл қаласына жұмыс сапарымен барды akorda.kz

Елбасы жұмыс сапарымен Ақкөл қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысына шағын қалашықты қашықтан бақылау орталығының жұмысы таныстырылды. Жаңа жүйе қала көшелеріндегі тәртіпті, әлеуметтік нысандардағы ахуалды, тіпті жеке тұрғын үйлердегі жағдайды онлайн түрде бақылауға мүмкіндік береді. Жергілікті билік өкілдері ірі компаниялармен бірлесіп, небәрі 6 айда Ақкөлді ақылды қалаға айналдырып үлгерген. Мұндағы 6 мыңға жуық үйдің барлығы су және электр қуатын есептейтін жаңа қондырғылармен жабдықталған. Әрбірінде жылу мөлшерін қашықтан бақылайтын датчиктер бар. Жауаптылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам қарасы қалың орындарға 70 интеллектуалды камера орнатыпты. Тың құрылғылардың көмегімен күдік тудырған адамды дереу тануға, ол жайында ақпарат алуға болады. Қала толықтай 4G желісіне қосылған. Қоғамдық және мемлекет меншігіндегі көліктердің барлығына GPS қондырғылары орнатылған. Нұрсұлтан Назарбаев қаланың 3Д картасымен танысып, сәтті жүзеге асқан жобаны еліміздің өзге де қалаларына бірте енгізу керектігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы