378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы тапсырмасымен жүзеге асқан жобалар Ақкөл қаласын алға ілгерілетті

  • 619
  • UPD: 20:44, 18.01.2019

Елімізде ең алғашқы смарт-қала пайда болды. Ол Астана іргесінен 100 шақырым жерде орналасқан. Осы күні Ақкөл қаласында Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен бірнеше тың жоба жүзеге асырылып жатыр. Президент аталған аймаққа жұмыс сапарымен барды. Нұрсұлтан Назарбаев әуелі ақпаратты өңдеу орталығының қызметімен танысты. Кейін ахуалдық орталыққа барып, жаңа жүйелердің қалай жүзеге асып жатқанын байқап көрді.

Қым-қуыттан ада ауыл. Сеңдей соғылысқан адам да, судай сапырылысқан көлік те жоқ мұнда. Төңірек танадай тынған. Ақкөлге алғаш келгендер бұл елді мекенді осылай суреттесе керек. Шынтуайтында Ақкөл - Қазақстандағы ең алғашқы ақылды қала. Мұнда соңғы үлгідегі технологиялардың барлығы бар.

- Это самый защищенный датацентр. 600 ГБ информации здесь содержится. Мы резервируем все государственные данные.

Астанадан 100 шақырым қашықта жатқан шағын қалашыққа Елбасы бүгін жұмыс сапарымен келді. Нұрсұлтан Назарбаевқа әуелі ақпараттарды өңдеу орталығының жұмысы таныстырылды. Мұнда қаланы қашықтан бақылауға арналған жабдықтар орнатылған. Жаңа жүйе арқылы қажет мағлұматты әп-сәтте алуға болады.  

Вот сейчас датчик дыма, мы можем показать как она работает. Когда идет задымление Она сразу приходит к вам на телефон. А это учет электрической энергии. Учет потребление газа.

Президент ізінше ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Ондағы мамандар ортақ базаға келіп түсетін ақпараттарды саралап, жауапты ұйымдарға сәт сайын жолдап отырады. Бастысы, тұрғындардың қауіпсіздігіне және жайлы өмір сүрулеріне басымдық берілген.   

Әлімжан Есетов, компания жетекшісі-жоба операторы:

- Жасанды интеллект «ақылды қала» деген түсінікті «когнитивті қала» деген ұғыммен ұштастырды. Ол өздігінен өмір сүре алатын қала. Мәселен, Ақкөлдегі смарт жоба тұрғындардың денсаулығын қашықтан бақылауға да мүмкіндік береді. Өңірде қандай ауру түрі асқынып жатқанын оңай анықтауға болады.     

Қазір қалада ұзын-ырғасы 13 мыңға жуық адам тұрады. Алты мыңдай баспана бар. Солардың барлығы су және электр қуатын өлшейтін жаңа қондырғыларымен жабдықталған. Мамандар тұрғын үйлерге өрт қауіпсіздігін бақылайтын датчиктерді де орнатыпты.   

Самат Имбаев, «Қазақтелеком» АҚ қызметтерді дамыту департаментінің директоры:

- Энерготиімлді «ЛОРА» деген желіні қамтыдық. Ол қала аумағында үлкен көлемлде датчиктерді және сенсорларды енгізуге септігін тигізді. Екіншіден, жоғары жылдамдықты интернетті деректерді тасымалдау үшін оптика желісін салдық. Бірінші кезекте біз әлеуметтік мекемелерді қамтылдық. Ол мектепті және ауруханаларды. Одан кейін қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын қолдандық.

Ақкөлдегі мектептер де жіті бақылауда. Оқу ордасына оқушылар арнайы карта арқылы кіреді. Сондай-ақ ел қарасы  қалың орындарға 70 интеллектуалды бейнекамера қойылған. Ол арқылы тәртіп сақшылары күдік тудырған адамды оңай анықтай алады. 

Нұрлан Мейірманов, «Қазақтелеком» АҚ инновация бойынша басқарушы директоры:

- Аталған камералар қауіп төнген жағдайда арнайы белгі береді. Оны дабыл ретінде де қабылдауға болады. Мәселен, көшеде қарумен жүрген адам болса, оның кім екенін автоматты түрде анықтауға болады. Одан бөлек, күдік тудырған адамның куәлігі жоқ болса, тәртіп сақшылары оны өздерінің ұялы телефондарына суретке түсіріп, ортақ базаға жолдайды. Ондағы мамандар қолға түскен адам туралы барлық ақпаратты лезде жолдайды. 

Қаладағы қоғамдық көліктердің барлығына GPS қондырғылар қойылған. Ал аялдамалар тегін Wi-Ғi желісіне қосылыпты. Игі іске тұрғындар дән риза.

Бауыржан Дәулет, Ақкөл қаласының тұрғыны:

- Ата-ана ретінде қалада орнатылған бейнекамералар баламның қауіпсіздігі үшін жақсы.

Андрей Коровин, Ақкөл қаласының тұрғыны:

- Үйге келіп, есептегіш құралдарын айырбастап берді. Және оған ақы алған жоқ. Жасым елуден асты. Мен осы қалада табан аудармастан тұрып келем және жақсы өзгерістерді көріп, қуанып жатырмын.

«Смарт Ақкөл» жобасы небәрі 6 айда жүзеге асқан. Оған 2 жарым млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалыпты. Жаңа жүйе кибершабуылдарға да төтеп береді. Ал қаланың 3Д картасы арқылы Ақкөлді бір орталықтан басқару мүмкіндігі туып отыр. Президент игі жобаны әлі де дамыта беру керектігін айтты. 

Шағын қаланың ілгерілеуіне түрткі болған жоба мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатыр. Алдағы уақытта аталған жүйені өзге қалаларға енгізу де жоспарда бар. Игі іс - ел тұрғындарының қауіпсіздігі мен өмір сүру ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.   

Авторлары: Дастан Сейілханұлы, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы