377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті

  • 477
  • UPD: 18:41, 21.01.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Зимбабве Президенті Эммерсон Мнангагвамен кездесті.

Қара құрлық елінің басшысы Астанаға ресми сапарымен алғаш рет ат басын бұрды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ресми шара барысында алдымен қос ел президенттері өз делегацияларын таныстырды. Кейін Құрметті қарауыл сап түзеп, Президент оркестрі екі елдің гимнін орындады. Осыдан соң Қазақстан мен Зимбабве басшылары шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өткізді. Қос мемлекет арасындағы сауда байланысы бірте бекіп жатыр. Былтыр тауар айналымы 637 мың долларды құраған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,7% артық. Зимбабве біздің елдің барлық бастамаларын қолдап келеді. Мәселен, 2017 жылы Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуына дауыс берген.

Хабар 24 телеарнасы