378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы Астанада салынатын Дүниежүзілік сауда орталығы ғимаратының жобасын мақұлдады

  • 818
  • UPD: 20:21, 24.01.2019

Астанада дүниежүзілік сауда орталығы салынады. Әлемде теңдесі жоқ нысан шетелдік инвесторлардың қаражатына бой көтереді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық сауда орталығы қауымдастығының мүшелері бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, жобаны таныстырды.

Адымын алшаң басқан Астананың ажарына айрықша таңданыс танытқан шетелдік инвесторлар қалада алып құрылысты бастауға ниетті. Халықаралық сауда орталығы қауымдастығының мүшелері тың жобаларын алып келіпті. Олар елордада дүниежүзілік сауда орталығын салуды көздеп отыр. Әлемде теңдесі жоқ нысан толықтай шетелдік қаржыгерлердің қаражатына тұрғызылады. Құрылыс нобайы бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды. Президент қалталы кәсіпкерлердің бастамасын құптап, аталған нысанның Астана ажарын айшықтай түсетініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В Брюсселе мы обсудили ваши предложения и договорились вновь встретиться. Учитывая большой опыт Ассоциации центров международной торговли в реализации подобных проектов, уверен, что наше сотрудничество будет плодотворным для обеих сторон. Мне хотелось бы, чтобы проект соответствовал настроению, духу нашей столицы и гармонично вписался в ее архитектуру.

Дүниежүзілік сауда орталығының биіктігі 150 метрге жуықтайды. Төңірегі толықтай абаттандырылады. Бұл кешен келекшете қала тұрғындары мен шетелдік туристердің сүйікті орнына айналады деген сенім бар. Ғимарат «ЭКСПО» қалашығының маңында бой көтермек. Бұл аумақта сәулетімен ерекшеленетін ғимараттар көп. Солардың бірі әрі бірегейі – «Нұр Әлем» шары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Когда мы выиграли право на проведение «ЭКСПО-2017», мы объявляли конкурс. Сфера «Нур Алем» диаметром 80 метров является уникальным сооружением в мире. Я наблюдал за ее строительством. Сегодня на базе инфраструктуры выставки «ЭКСПО-2017» мы открыли Международный финансовый центр «Астана», Международный центр зеленых технологий и Международный технопарк IT-стартапов. Здесь также создается  Международный IT-университет. Думаю, что синергия всех проектов произведет хороший мультипликативный эффект.

Астананың өзге қалаларға ұқсамайтын өзгешелігі бар. Бұл қала төрткүл дүниеге сұлу сәулетімен танылды. Шетелдік инвесторлар мұны жақсы біледі. Астананы сол себепті таңдағандарын айтады.

Рольф Драак, Халықаралық сауда орталығы қауымдастығы басқармасының мүшесі:

Біз Халықаралық сауда орталығы қауымдастығымен осыдан 2 жыл бұрын бірлесіп жұмыс істей бастадық. Осы аралықта бірнеше жоба әзірледік. Соның бірін бүгін сіздің назарыңызға ұсынып отырмыз. Қазақстандық тараптың ортақ мәмілеге келіп, қоян-қолтық жұмыс істеуге ниетті екені бізді қуантады.

Дүниежүзілік сауда орталықтары қазір Нью-Йорк, Амстердам мен Токио сынды әлемнің ірі қалаларында бар. Бірақ Астанада салынатын кешеннің жөні бөлек болмақ. Өйткені қала шетелдік инвесторларды тек сәулетімен ғана баурап отырған жоқ. Астананың әлеуетіне қызығады олар. Еуразияның қақ ортасынан орын тепкен нысан келекшекте инвестиция ағылатын орталыққа айналмақ.

Мехран Эфтехар, Шетелдік компанияның ұжымдық инвестиция бойынша директоры:

- Біздің инвестициялық топ дүниежүзілік 18 ірі сауда орталығына ие. Сондықтан мұндай кешендерді қалай және қай қалада салу керектігін білеміз. Астана – келешегі кемел шаһар. Өйткені Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» жобасына қатысып отыр. Ал оның инвесторлар үшін маңызы зор.

Кеннэт Брюс Джеймс Андерсон, сәулетші-дизайнер:

Біз Астанада салынып жатқан бірнеше нысанның құрылыс жұмыстарымен таныстық. Олардың әрқайсы Астананы ажарландырып тұр. Шетелдік туристер үшін есте қалатын орындар деп санаймын. Дүниежүзілік сауда орталығы да сондай нысандардың қатарына қосылады деп ойлаймын.

Жиын соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзілік сауда орталығын салуға рұқсат берді. Енді инвесторлар бұл жобаны қала әкімдігімен бірлесіп, жүзеге асырмақ.

Авторы: Дастан Сейілханұлы, Президент телерадиокешенінің көмегімен

Хабар 24 телеарнасы