378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы бірқатар қабылдау өткізді

  • 462
  • UPD: 15:27, 29.01.2019

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Даниал Ахметов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Аймақ тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыстарға оң бағасын берген Президент жүйелі шараларды әлі де дамыта түсу керектігін айтты.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

-Жалпы экономика 4% өсті, өндірістің өсімі - 118%, ауыл шаруашылығы - 107%. Барлық жоспар орындалды. 2015 жылы біз денсаулық сақтау саласының жаңа медициналық құралдармен жабдықталу барысын зерттеген едік. Негізгі 4 бағытты қамтыдық. Олар онкология, кардиология, ана мен бала мәселесі және травмотология. Одан бөлек, дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған үш деңгейлі жүйе әзірледік. Алғашқысы - түлектерді Семейдегі мемлекеттік медициналық университетте оқыту. Екіншісі – жас мамандарға білікті дәрігерлер шеберлік дәрістерін оқиды. Осы аралықта 47 мастер-класс өткізілді. Дәрігерлердің жүктемесі республика бойынша орта деңгейде. Біз 153 дәрігерді 2 жыл ішінде шетелдің озық орталықтарына жіберіп, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береміз. Олар Англияда, Польшада біліктіліктерін арттыратын болады.

Бұдан бөлек, облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылы білім беру саласында, тұрғындарды ауызсумен қамту мәселесінде, тұрғын үй құрылысында қандай жұмыстардың атқарылғанын айтып берді. Жиын соңында Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының сапалы орындалуына және облыстың туристік әлеуетін дамытуға қатысты өңір әкіміне бірнеше нақты тапсырма берді.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

 -Облыста тілдерді үйретуге арналған 3 жылдық бағдарлама әзірленді. Ол сынақ түрінде жүргізіп жатыр. Біз «Кэмбридж» университерінің әдістемесі бойынша оқулықтардың барлығын жаңарттық. Олар ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгеріп шығатын болады. Осыдан 3 жыл бұрын аймақтағы ұстазарың тек 4% ғана жоғары білімді болса, қазір олардың қатары 44% ұлғайды. Кездесуде мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуна, аймақтың туристік әлеуетін арттыруға және халықтың тұрмысын тіктеуге бағытталған бірнеше тапсырма берді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімін қабылдады. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынна тоқталып, алда атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндап берді. Мемлекет басшысы газдандыру мәселесіне баса назар аудару керектігін айтып, Теміртау қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға күш салуды тапсырды.

Жиын соңында Мемлекет басшысы аймақ әкіміне Қарағанды қаласында құрылыс қарқынын үдетуді тапсырды. Бастысы – тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға арналған бағдарламалар уақытылы орындалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы