378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Халықтың тұрмыс сапасын көтеру - мемлекеттің басты міндеті

  • 640
  • UPD: 20:01, 30.01.2019

Таңертең Үкіметтің тындырған шаруасын бағамдаған Елбасы түстен кейін Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент алдымен азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру мәселесіне көңіл аударуды тапсырды. Сондай-ақ көктемгі су тасқынына дайын болу керектігін де ескертті. Халықпен жиі кездесіп, елде іске асып жатқан бағдарламаларды кеңінен түсіндіру қажеттігіне мән берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тұрмыс сапасын арттыру, әл-ауқатты жақсарту маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. Ең алдымен әлеуметтік жағдай. Азық-түлік, дәрі-дәрмек бағасы ерекше бақылауда болуы керек. Жылу маусымының аяқталуына аз қалды. Сондықтан барлық нысанның дұрыс жұмыс істеуін қараңдар. Былтыр көп қиыншылықтар болған. Енді қазір қар еріп,қайта бәрі ағайын деп жатыр. Соның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарау керек.

Бір сөзбен айтқанда, Елбасы жерлестеріміздің өмір сүру деңгейін арттыру мен жағдайын жақсарту мемлекеттің ең басты міндеті екенін ерекше атап өтті. Бұған қоса, Мемлекет басшысы білімі мен біліктілігі жетіліп тұрған жастарға қолдау білдіріп, жұмысқа тарту керектігін де алға артты. Бұл ретте әкімдерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Анау күні жастармен кездестім. Сауатты, білімді жастарды жұмысқа тарту керек. Солардың тәжірибесімен басқаларды үйрету керек. Полицияның басшыларын өздерің тағайындайсыңдар, өздерің қарайсыңдар. Бірге жауап бересіңдер.

Хабар 24 телеарнасы