378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы әлеуметтік төлемдер 30% өседі

  • 568
  • UPD: 17:55, 31.01.2019

2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап елімізде әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 30 процентке артуы керек.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кешегі кеңейтілген отырысында министрлерге осындай тапсырма берді. Президент жұмыс істеу қабілетінен айырылған және асыраушысы жоқ азаматтарға берілетін жәрдемақы көлемін ұлғайту кезек күттірмеуі керек екенін айтты. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөнінде Ұлттық жоспар қабылдауды жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Поручаю правительству с 1 января 2020 года обеспечить рост до 30% средних размеров социальных выплат из ГФСС лицам, утратившим трудоспособность, потерявшим кормильца. Мадина, можно это сделать?

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, заң жобасы әзірленген. Осы жылдың наурыз айында Парламент қарауына жіберуді көздеп отырмыз. Ұлттық жоспар Қазақстанда тұңғыш рет кешенді интеграциялық жоспар ретінде жасалып жатыр. Ол мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау, инклюзивті білім беру, жұмысқа орналастыру, кедергісіз орта, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру салаларын қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы