378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан зығыр өндіру бойынша әлемдік нарықта бірінші орынға шықты

  • 516
  • UPD: 19:43, 02.02.2019

Қазақстан әлемдік нарықта зығыр өндіру бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде өткен жылы аталмыш өнім 900 мың тоннадан астам дайындалған. Бұл туралы бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілер өнімді сату жолдарын да жақсы меңгерген. Айталық, статистикалық деректер бойынша арпа 2,2 есе, рапс майы 3,3 есе, соя  2,5 есе және қызанақ 2,4 есе артық экспортталған.

«Сонымен қатар мал шаруашылығы бағдарламасы да қарқын алды», - дейді министр. Былтыр шетелге 20 мың тоннаға жуық сиыр еті жөнелтілді. Биыл бұл көрсеткішті 25 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастыруға тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Вот у нас импорт продукция повышает цены. Мы все виды сельхозпродукции производим. Надо скрупулезно взять и по каждому продукту, чтобы обеспечить внутреннюю потребность. Со всех сторон всё хорошо: рынок здесь, покупатель способный, ну что такое? Переработанное мясо завозим, молоко из Беларуси завозим. А мы можем это произвести. Давай целенаправленно поработаем.

Хабар 24 телеарнасы