389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ректорын қабылдады

  • 1492
  • UPD: 19:45, 05.02.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Кездесуде Президентке оқу орнының дамуы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі баяндалды. Елбасы университеттің отандық білім беру жүйесінде орны ерекше екенін атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығына тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еліміздегі инженерлер дайындайтын университет. Қазір міне автономия беріп жатырмыз. Индустриялизация деген бағдарламаны орындау керек. Сонан кейін ғылыми институт болдыңыздар ғой. Соның бәрін әлеуетін баяндау үшін шақырдым.

Ескендір Бейсембетов, Қ.Сәтпаев атындағы ҚҰТЗУ ректоры:

- Біз екі бірдей жұмыс бағытымызды күшейттік. Біріншіден, нақты қолданбалы жобаларға басымдық беретін болдық. Екіншіден, әлемдік тенденцияларға сәйкес білім сапасын арттырдық. Бұл дегеніміз цифрландыру және ағылшын тілін меңгеруге соны қадам жасалғанын білдіреді. Университет негізінен кеңес кезеңінде құрылғандықтан, геологиялық барлауға басымдық беріп келді. Қазір жағдай өзгеше. Университет құрылымдық тұрғыда түрленді. Жаңа технологияларды меңгертуге күш салып жатырмыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Химия, сейсмология, география, геология, обогощение все это передано. Все вы начали работать.

Ескендір Бейсембетов, Қ.Сәтпаев атындағы ҚҰТЗУ ректоры:

- Цифрлық техника мен технология институты қайта құрылды. Ол жаңа технологиялардың үлес салмағын арттыруға арналды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Автономное управление дает вам какое-то преимущество?

Ескендір Бейсембетов, Қ.Сәтпаев атындағы ҚҰТЗУ ректоры:

- Басқару әдісіміз қолайлы. Кез келген мәселеге қатысты жылдам шешім қабылдаймыз.

Хабар 24 телеарнасы