378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

  • 542
  • UPD: 22:09, 07.02.2019

Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында екі мәселе қаралды. Алдымен Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған міндеттер сөз болды. Бұл ретте мемлекеттік органдар үйлесімді жұмыс жүргізу керек делінді. Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Жиын қорытындысы бойынша Президент жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бүгінгі отырысымызда қарайтын екі мәселе бар. Біріншісі, жылдағыдай өткен жылдың қауіпсіздік саласында жасалған жұмыстың қорытындысын жасап, болашақта не істейтінімізді келісетін боламыз. Стратегиямыздың қалай орындалып жатқанын. Екінші мәселе – Қызылорда облысындағы ахуалды тыңдайтын боламыз. Өңірдің қалай дамып жатқанын, не істеліп жатқанын, содан кейін тиісті шешім қабылдайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы