389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенатта ЕАЭО елдерімен сауда-саттықтағы басты кедергілер аталды

  • 926
  • UPD: 20:33, 08.02.2019

Қазақ та әлемдік нарыққа сай өнім шығара алатынын көрсетті. Экспорт бар салада артып келеді. Осы экспортты ұлғайтудың бір көзі Еуразиялық экономикалық одақ нарығы. Дегенмен, іргеде жатқан елдерге тауар жеткізуде ішінара кедергілер кездеседі. Бестіктің заңды келісімі  болғанымен, одақтастар өзгенің мүддесін ескере бермейтін сыңайлы.

Сенатта өткен үкімет сағатында жоғарғы палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар түйткілді атады.

Одаққа мүше елдердің арасындағы еркін саудаға тосқауыл болып тұрған бірнеше факторды атайық алдымен. Тауар транзиті мен өнімді саудалау үшін елдердің ішкі нарығына кіруде кедергілер бар. Жекелеген тауарлардың тасымалына да шектеу қойылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Одаққа мүше елдердің жергілікті билік органдары тарапынан жасалатын кедергілер де кездеседі. Декларация талап ететін кедендік шекаралардың болмауына қарамастан, кәсіпкерлеріміз бірқатар «астыртын» тосқауылдарға тап болып отыр. Мұндай жағдай сыртқы саудаға теріс әсер етеді. Бизнес өкілдерінің Еуразиялық интеграцияға деген сенімсіздігін тудырады және интеграцияның дамуына қиындық келтіреді.

Әлемдік қаржы және тауар нарықтарында болып жатқан тұрақсыздық, санкциялық текетірестер Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетіне теріс ықпал етіп отырғаны ақиқат. Бұл орайда одақтас мемлекеттер кедергі келтірмей, қайта сауда-экономикалық саясатын жеңілдетуі тиіс. Әйтпесе Еуропадан біздің елге жеткізілетін тауарларды өз аумағынан өткізетін кей мемлекеттер түрлі сылтаумен транзиттік тосқауылдар қойып отыр. Мұны депутаттар да жоққа шығармайды.  

Әбдәлі Нұралиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2018 жылдың бірінші қаңтардан бастап осы экономикалық одақтың жаңа кеден кодексі күшіне енді. Осыған қарамастан Ресей тарапы Қазақстанға өз аумағынан өтетін тауарлардың еркін қозғалысына түрлі кедергілер қойып келеді. Мәселен күні кеше ғана интернет парақтарында қазақстанға пестицидтерді әкелетін еуропалық жеткізушілерге Ресей тарапынан антидинпингтік баж салығын салу қарастырылып жатқаны туралы ақпараттар жарияланды. Мұндай жағдай өз кезегінде Қазақстанға әкелінетін пециститтердің қымбаттауына әкелетіні белгілі. Осы орайда Үкімет қандай шараларды бүгінгі күні қолға алып жатыр?

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Өздеріңіз білетіндей өкінішке қарай 2014 жылдан бастап Ресей Федерациясының Батыс елдерімен қарым-қатынасы нашарлады. Батыс елдері Ресейге санкциялар салды. Ресей өз кезегінде контрсанкциялар салды. Бірнеше тауар топтарына тиым салды. Бірақ теория жағынан транзиттік тауарларға ешқандай кедергілер жоқ  болуы керек. Бірақ, біз өз кезегімізде іс жүзінде проблемалар бар. Ресей неден қауіптенеді? Мысалы, транзиттік режимде жарияланған тауарлар Қазкақстанға бағытталған олар Ресей Федерациясының аумағында қаладв. Жоғалып кетеді. Салықтар, баж төлемей. Әрине РФ қосымша кедергілер, қосымша тексерулер жасайды. Біз РФ бірге өткізу пунктерінің тізбесін бекіттік. Еркін бағыттарын бекіттік. Егер Батыс елдердің тауарлары сол бағыттар арқылы жүретін борлса, ешқандай кедергілер болмайды.

Кедергілерді жоюға болады. Одақтың құқықтық базасын жетілдіру керек, өзара келісім арқылы. Өзгеге қарап отыра бермей, үкіметіміз де кәсіпкерлерді қорғайтын һәм қолдайтын тиісті шаралар қабылдағаны жөн. Мәселен, елде шығаруға болатын тауарларды сырттан тасымай -ақ, отандық тауар өндірушілерді демеген дұрыс. Сонда өзгелерден әлеуетіміз кем болмайды. Тағы бір мәселе, одақтың ортақ нарығындағы мұнай құнының құбылуын сылтау етіп, үкімет елімізде жанар-жағармай бағасының қымбаттауына жол бермеуі тиіс.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай дейді. Мәселен, 2025 жылға қарай Одақ шеңберінде газдың, мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығы қалыптасады. Осы бағытқа ерекше мән беріп қарағанымыз жөн. Біз ішкі нарықта жанар-жағармайдың бөлшек саудадағы бағасының өсуіне жол бермеуге тиіспіз,-деді жоғары палата спикері.

Авторлары: Қорған Төре-Қожа, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы