378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «Евгений Онегин» операсын тамашалады

  • 623
  • UPD: 21:44, 09.02.2019

Пушкиннің озық туындысы мен Чайковскийдің мәңгілік музыкасы. «Евгений Онегин» операсы екі ғасыр бойы әлемдік театр сахналарынан түспей келеді.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналанған осы қойылымға бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Театрдың бас дирижері Алан Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Давиде Ливермор ұсынған бұл премьераның басты партияларын Қазақстан мен Ресейдің опера әртістері орындады. 

Владимир Урин, РФ Үлкен театрының бас директоры:

– «Астана Опера» мен Астана балеттің Мәскеуге сапармен баруын ойластырып жатырмыз. Үлкен театрдың осында келу мүмкіндігін жасау да жоспарда бар. Мен алған әсеріммен бөліскім келеді. Қазақ жеріне алғаш рет табан тіредім. Соңғы 20 жылда пайда болған Астананың көркіне көз тоймайды. Ал «Астана Опера» мен «Астана Балеттің» және хореография ғимараттарының мүмкіндігі зор екен. Сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен бірлескен жоспарларды қуана жүзеге асыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы