378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы «Лукойл» президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді

  • 507
  • UPD: 18:11, 19.02.2019

Ақордада Каспий теңізінің Қазақстанға тиесілі бөлігінде көміртегі шикізатын барлау және өндіруге арналған «Жеңіс» бірлескен жобасы қаралды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовты қабылдап, ауқымды жоспармен танысты. Бұған қоса елімізде салынып жатқан майлау материалдарын шығаратын зауыт құрылысының барысы баяндалды. Өндіріс орнының қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға жетуі тиіс. Зауытта өнімнің 700 түрін шығару жоспарланып отыр. Сондай-ақ басқосуда 2021-2025 жылдарға арналған еліміздің геологиялық барлау бағдарламасына «Лукойлдың» қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мы давно работаем с компанией «Лукойл». Ваша компания является одной из крупнейших в России. Вы также являетесь одним из значимых российских инвесторов в Казахстане. «Лукойл» инвестировал в экономику страны около 9 миллиардов долларов США.

Вагит Алекперов, «Лукойл» мұнай компаниясының президенті:

- Сізге Қазақстанмен инвестициялық әріптестіктің жаңа кезеңіне аяқ басқанымыз жайлы баяндап отырғаныма қуаныштымын. Кеше қажетті құжаттарға қол қойдық. Енді бір ай көлемінде рәсімдеу шараларын толық аяқтап, келісімшарттарды бекітеміз. Бастысы, Энергетика министрлігі және «Қазмұнайгаз» компаниясымен ұңғымаларды бұрғылауды бірден бастап кету жөнінде келісім бар. Тағы бір жоба – майлау материалдарын шығаратын зауыт. Онда 100 мың тонна өнім қайта өңделеді. Ауыр техникаға қажетті майлардың барлық түрін шығарамыз. Зауыт әлемде ең заманауи атанбақ. Өндірісте 220 адам жұмыс істейтін болады. Енді Энергетика министрлігінің бастамасымен «Қазмұнайгазбен» бірлесіп, тұтас аймақта көмірсутегі шикізатына барлауды бастағымыз келеді. Мұндай шаруаны біз Иранда жүргізіп, оң бағасын алдық.

Айта кетейік, «Лукойл» Қазақстан нарығында 30 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания Қарашығанақ, Теңіз сынды жобаларды жүзеге асыруға атсалысты.

Вагит Алекперов, «Лукойл» мұнай компаниясының президенті:

- Біз қолға алған жобаларымыз бойынша Президенттің қолдауына ие болдық. Алдағы уақытта келісімшарттарға қол қойылады. «Жеңіс» жобасының геологиялық барлауына құйылатын инвестиция көлемі 300 млн долларға жуықтайды. «Қазмұнайгаз» бен «Лукойлдың» бұл саладағы әріптестігі табысты болмақ.

Хабар 24 телеарнасы