389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы А.Есімовті қабылдады

  • 1049
  • UPD: 08:49, 21.02.2019

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының кірісі артты. Бұл туралы холдингтің төрағасы Елбасының қабылдауы кезінде хабарлады.

Ахметжан Есімов Президентке өткен жылы атқарылған жұмыстаржөнінде есеп беріп, мемлекеттік активтерді жекешелендіру барысы, атап айтқанда «Қазақтелеком», «Air Astana» акцияларын айпиоға шығару жайын баяндады. Бұдан бөлек кездесуде акционерлік қоғамның «Сарыарқа» газ магистралін салуды қаржыландыру ісіне атсалысуы жөнінде әңгіме өрбіді. Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткіштерді оң бағалап, қор табысын арттыра түсуді тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жалпы «Самұрық-Қазына» қоры қызметінің қорытындылары былтырғы жылдармен салыстырғанда өте жақсы. Енді бірігіп отырып, темір жол мәселесін жөндеу керек. Барлық компаниялар табыспенен аяқтады. Оптимизациясының барлығын жасадың. Қанша адамды қысқарттың? 

А.Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы:

- Жалпы біздің барлық компанияны есептегенде 30 мыңдай адамды қысқарттық. Өзіміздің структурамызды өзгертіп, оны да отыз пайызға төмендеттік. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- «Самұрық-Қазына» бойынша табыс көбейді. «Сарыарқа» бойынша газификация басталды.

А.Есімов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы:

- Мынаны төлеп қойдық аванс ретінде, қымбаттап кетпеу үшін. Мынау биылғы жүргізетін жұмыстарымыз. «Қазақтелеком», «Эйр Астананы» сатуға шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы