375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Мамин: Біздің құрам айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс

  • 362
  • UPD: 15:10, 26.02.2019
А.Мамин: Біздің құрам айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Үкіметтің жаңа құрамдағы алғашқы ұйымдастыру отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР Премьер-министрі Үкіметтің жаңа құрамы Мемлекет басшысынің жоғары сенімін ақтауы керектігін айтты.

«Үкіметтің жаңа құрамы айқын нәтижелерге бағдар алған нақты істер Үкіметіне айналуы тиіс», - деді Асқар Мамин.

Президент Үкімет алдына халықтың табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, экономиканы одан әрі әртараптандыру, тиімді жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша бірінші кезектегі міндеттерді қойып отыр.

«Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал ететін нақты нәтижелер алуымыз керек», - деді ҚР Премьер-министрі.

Ертең «Нұр Отан» партиясының съезінде халықты әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа шаралар жарияланатыны аталып өтті. Келесі Үкімет отырысында ҚР Президентінің съезде берген жаңа тапсырмалары қаралады.

Отырыстың соңында «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңды орындау үшін Үкімет құрамына алғаш кіргендердің: Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинованың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Склярдың, Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтың ант беру рәсімі өтті.

Бұдан өзге, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес кейбір мемлекеттік органдар қайта құрылды. Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды. Жаңа министрлік, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің байланыс, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға жауапты болады. Жаңа министрлікке Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев басшылық етеді.

Хабар 24 телеарнасы