375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы: Қазақстандықтардың бақытты өмірі бүгіннен бастау алуы тиіс

  • 476
  • UPD: 20:45, 27.02.2019

«Елімінің бақытты болғанын болашақта емес, қазір көргім келеді».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кезекті съезінде осылай деді. Президент жаңа құрылған Үкіметке халықтың әл-ауқатын арттыруға, жағдайы жұтаң отбасылардың тұрмысын тіктеуге пәрмен берді.

Елбасы әуелі көпбалалы және табысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін 21 мың теңгеге дейін жеткізуді тапсырды. Одан бөлек, көпбалалы отбасыларға 2-3 пайыздық мөлшерлемемен баспана сатып алу мүмкіндігі берілу керектігін айтты. Аймақтағы ахуал да Президент назарынан тыс қалмады.

Саяси ұйымның салмағы күн сайын артып келеді. Биліктің кез келген тармағы партия пікірімен санасады десек, соның айқын дәлелі – осы ауқымды жиын. Алпауыт күш халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей әсер етеді. Съезд тізгінін қолына алған Мемлекет басшысы әрі партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен күн тәртібіндегі 4 мәселемен танысты. Мұнан соң ұйымның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында нақты тапсырмалар жүктеді. Халықтың жағдайы, әл-ауқаты, тұрмыстық ахуалы бірінші кезекте тұруы керектігін нұсқады. «Қазақстандықтардың бақытты өмірі бүгіннен бастау алуы тиіс», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Біздің ұстанымыз – татулық, тыныштық, береке мен бірлік. Бас партия болу – елге қызмет ету. Дүние жүзі елдерімен байланыстамыз. Соның барлығын біліп, түсініп шешіп отыруымыз керек. Қиын кезең. Сондықтан әрекет ететін кез келді.

Бақуатты отбасы – бақуатты Қазақстан. Алдағы онжылдыққа арналған бағдарламаның түпкілікті мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған тәуелсіздік жылдары ұлттық қорға құйылған қомақты қаражат мүмкіндік береді. Мемлекет енді әрбір отбасының кірісіне баса көңіл бөледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Социальная политика должна быть сбалансированной и не провоцировать рост иждивенческих настроений. Мы живем в рыночной экономике. Каждый должен понимать, что благосостояние каждой семьи зависит от его работы, от его доходов. Вопросы повышения детских пособий, улучшения положения многодетных семей, обеспечение жильем, модернизация социальной инфраструктуры и другие очень важные для каждого человека вопросы.

Көпбалалы аналардың жай-күйіне Президент ерекше көңіл бөлуді міндеттеді. Әсіресе, табысы аз отбасылардың әрбір перзентіне мемлекет 21 мың теңгеден төлейтін болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– В первую очередь, государство особую заботу и внимание должно проявить к многодетным семьям с низкими доходами. Поручаю Правительству для расширения охвата малообеспеченных семей, особенно многодетных, повысить критерий оказания адресной помощи до 70 процентов от прожиточного. Для адресной поддержки семей с детьми, имеющих право на получение адресной социальной помощи, установить минимальную выплату на каждого ребенка в многодетных семьях, в сумме 20 789 тенге.

Көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесі де шешімін табады. Президент тапсырмасы бойынша оларға жалдамалы негізде 40 мың баспана салынады. Бұдан бөлек, тұрғын үй несиесі 3 пайыз жеңілдікпен беріледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Поручаю Правительству построить в рамках программы «Нұрлы жер» более 40  тысяч арендных квартир преимущественно для малообеспеченных семей из числа многодетных. Также следует повышать доступность приобретения жилья для многодетных и неполных семей, семей с детьми с ограниченными возможностями, имеющих низкие доходы. Для этой категории граждан поручаю разработать льготный механизм предоставления жилищных займов под 2-3 процента годовых через систему жилстройсбережений.

Бюджеттік салада жұмыс істейтіндердің жалақысы өседі. 1 шілдеден бастап олардың табысына 30 процент үстемақы қосылуы тиіс. «Ауыл – ел бесігі». Елбасы бүгін осындай атаумен жаңа жобаны жүзеге асыруға пәрмен берді. Ауыл да дамуы қажет. Бұл дегеніміз – кәсіп көзі, инфрақұрылым, ауызсу, тағысын тағы. Елбасы әрбір елді мекенде мектептің болуы міндетті емес екенін айтты. Бұл бюджетке де шығын әрі кез келген ауылда оқушылар саны жеткілікті бола бермейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Отбор сел, имеющих перспективы, и развивать там социальную сферу, создавать интернаты. Если в селе 10 домов или 5, или 20. Что там нужно строить школу или больницу? Когда строим школу в этих перспективных селах, сразу надо строить интернаты. Пусть дети подтягиваются сюда, здесь и качество образования, и здравоохранение.

Ауылдағы кәсіпкерлік белгілі бір өндіріске негізделуі керек. Енді осындай мүмкіндігі бар елді мекендер іріктеледі. Сөйтіп әр қайсысында бизнес бастамалар жүзеге асады. Осы мақсатты көздеген «Ауыл – ел бесігі» жобасына алдағы екі жылда 90 млрд теңге бөлінеді. Монокалалар да назардан тыс қалмайды. Барлығын ауызсу және көгілдір отынмен қамту жүйелі жоспарға енді. Қажетті қаржысы да қарастырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– На развитие малых и моногородов будет также ежегодно предоставляться дополнительно по 10  миллиардов тенге в ближайшие три года. Важнейшими приоритетами выступают обеспечение доступа всех жителей страны к чистой питьевой воде и проведение масштабной газификации. На обеспечение водоснабжения и водоотведение поручаю дополнительно выделить 140 миллиардов тенге. Это получат области и надо заняться наведением порядка. На обеспечение водоснабжения и водоотведение поручаю дополнительно выделить 140 миллиардов тенге.

Сол ауылдық жерлер мен моноқалаларға жету жағы, яғни облысаралық жолдар түгелдей жөндеуден өтеді. Соңғы жылдары елімізде республикалық маңыздағы мыңдаған шақырым көлік дәлізі салынды. Ендігі кезекте – жергілікті инфрақұрылым.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Расширение сети современных местных дорог – это ключевая задача Правительства, исполнение которой необходимо контролировать партии. Поручаю дополнительно выделить на эти цели 350 миллиардов тенге. Чтобы на местах контролировать положение.

Елдегі өңірлердің дамуы – өз алдына бөлек мәселе. Бірінің өсіп-өркендеу қарқыны жоғары болса, енді бірінікі төмен. Мұны Президент әкімдердің халықпен тығыз жұмыс істемеуінің салдары деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Есть акимы, которые  действительно работают, знают и решают проблемы людей. Но есть и те, которые избегают общения с населением и игнорируют реальные нужды и потребности жителей регионов. Акимам нужно быть ближе к народу и делать все возможное для его блага.  Они, конечно, работают. Не скажу, что не работают. Но надо быть ближе. Они должны встречаться не один раз в год, в течение года должен встречаться с разными категориями людей: С врачами, учителями, молодежью.

Денсаулық сақтау саласына бюджет қаражатының 40 пайызы жұмсалады. Бірақ елімізде алғашқы медициналық көмектің жайы мәз емес. Кейбір өңірлерде емханалар жеткіліксіз. Елбасы саладағы осы өзекті мәселелерді шешуге қосымша 120 млрд теңге бөлуді міндеттеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Отечественной медицине, прежде всего, необходимо ориентироваться на профилактику и стимулирование здорового образа жизни. Расходы на службу общественного здравоохранения и первичную медико-санитарную помощь должны быть увеличены с 40 до 60 процентов от общего объема финансирования здравоохранения. Это – практика всех развитых стран мира. Мы давно говорим, надо обратить внимание на первичную медицину. Надо приблизить медицину к человеку. Поликлиники всегда были на первых этажах домов, человек мог спуститься и получить квалифицированную оценку своего здоровья и надо лечиться. Это очень важно.

Әрбір аймақта заман талабына сай озық әрі сапалы маман даярлайтын бір жоғары оқу орны және бірнеше колледж болуы шарт. Білім саласына жүктелген негізгі міндет осы. Бұған Президенттің жыл басында мұғалімдердің айлық-табысын арттыру жөніндегі тапсырмасын да қосыңыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Владеть родным казахским языком, русским языком, международным языком – английским – это важно. Но не надо это делать топорно – завтра возьми и выложи. Сначала нужно педагогов подготовить. Педагоги, владеющий английским языком и преподающие физику, математику, химию, это сколько надо его учить. А наше министерство поставило задачу – завтра взять и всем учителям начать его преподавать. Ну приглашают их на 3 месяца, обучают, кто английский язык и математику будет преподавать за три месяца. И на это тратятся огромные деньги. Может быть намного легче было бы пригласить учителей из-за рубежа и начинать учить. Поэтому эта цель и задача остаются.

Президент пәрмен берген жұмыстарды жүзеге асыруға 2 триллин 300 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалады. Оның жартысынан астамы ұлттық қордан қаралады. Бюджеттен бөлінетін қаржыға салық саласын әкімшілендіру арқылы қол жеткізілмек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Оптимизировать другие бюджетные расходы. 4 трлн тенге у нас в стране госзакуп и все из одного источника. Как только начали работать по этому направлению, уже и деньги начали поступать в бюджет. Госзакуп надо полностью отдать в конкурентную среду и получать средства для того, чтоб закрыть эти вопросы.

Тәуелсіздік, ел бірлігі және даму. Қазақстанның қарышты қадам басуына осы үш бағыт негізгі темірқазық ретінде таңдалып отыр. Әрқайсысы – қазақ үшін аса құнды ұғымдар. Тәуелсіздік – тірегіміз, ел бірлігі – тұмарымыз, ал даму – ортақ жоспарымыз. Сондықтан елдік мүддені ұстанып, жұмыла жүзеге асыратын шаруа көп.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті, партия төрағасы:

– Осы айтылған мәселелерді бәріміз қолға алып, бақылап, қолға алумыз қажет. Бұл оңай жұмыс емес. Жол, ауыл шаруашылығы, осының барлығын әр ауылға бөлетін болсақ, ешқандай қиыншылық жоқ. Одан басқа қандай жұмыс бар?

Еліміз бойынша партия мүшелерінің саны 1 миллионнан асты. Парламенттегі депутаттардың басым бөлігі осы саяси ұйымнан. Nur Otan нағыз халықтық партияға айналуы қажет. Барлық филиалдар мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері осы үдеден шығуға ынталы.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі, Nur Otan партиясы Алматы ҚФ төрағасы:

– Кезінде қабылданған шешімнің көрінісі. Ірі мегаполисті, ауылдық жерлерді дамыту сынды халықты қанағаттандыратын, елімізді дамытатын шешім. Басты мақсат – азаматтардың жарқын болашағына қызмет ету.

Съезд делегаттарының арасында жас та, жасамыс та бар. Елдің шетінде, желдің өтінде жүрген ауыл еңбеккерінен бастап, IT сала білгірі, спортшы, кәсіпкер, мұғалім, дәрігер ұзын-саны 1300 делегат жиылды. Солардың бірі – Әбітәліп Үмітәлі. Жамбылдық өрен «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып, елге еселі еңбек етіп жүр. Алға қойған арман-мақсаты зор. Әбутәліптің талабына Президент сәттілік тілеп, аға буын арасында кімге қарап бой түзеу керектігін де көрсетті.

Үкімет, Парламент және жергілікті атқарушы органдар. Президент берген тапсырмаларға енді биліктің осы ұш тармағы тармағы жұдырықтай жұмылуы керек. Ел болашағы үшін елеулі өзгерістерге жол ашқан съезд «Менің елім – Қазақстан» әнімен қорытындыланды.

Рауан Мыңбаев, тілші:

– Саяси ұйымның 20 жылдығы – тарих үшін қасқағым сәт. Алайда егенменді ел болып, еңсе тіктеу үшін тағдыршешті кезең. Демек Nur Otan екі онжылдықты еңсеріп қана қойған жоқ, ұлттың ұйытқысына, іргелі істердің бастамашысына айналды. Алда әлі жоспар көп. Сайлаушылардың сенімін ақтау, бақытты болашақ қалыптастыру, Қазақстанды тек алға жетелеу. Съезде айқындалған негізгі бағыт-бағдар, түпкілікті мақсат, межелі міндет те – осы.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Хабар 24 телеарнасы