378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

  • 495
  • UPD: 14:51, 01.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.

Елбасы өз сөзінде «бұл атаулы мереке ортақ тарихымызға көрсетілген құрметтің, ұлтымызға тән мейірімділік пен қамқорлықтың белгісі», - деді.

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқының бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Ынтымақтастық пен өзара көмек сияқты берік құндылықтар біріктіруші күшке айналып, еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік қалыптастырды. Қазақстандықтардың қазіргі буыны тарихымызды біліп, есте сақтауы керек. Әрқайсымыздың жүрегімізде өркендеп келе жатқан Қазақстанға деген мақтаныш пен ризашылық сезімі ұялай берсін! Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!», - делінген Елбасы құттықтауында.

Хабар 24 телеарнасы