378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шаңғышы А.Полторанинге допинг қолданғаны туралы ресми түрде айып тағылды

  • 467
  • UPD: 11:52, 02.03.2019
Шаңғышы А.Полторанинге допинг қолданғаны туралы ресми түрде айып тағылды prosports.kz/kz

Қазақстанның шаңғы жарысының ұлттық федарациясына Халықаралық шаңғы федерациясынан допингке қарсы ережелерді бұзу дерегіне байланысты Алексей Полтораниннің уақытша шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме келіп түсті.

Онда 1 наурыздан бастап Полторанин Халықаралық шаңғы федерациясының қарамағында ұйымдастырылған ешбір жарысқа қатыса алмайтындығы хабарланған. Оған Австрия тарапынан жіберілген дәлелдер себеп екендігі айтылған.

Мұның алдында Алексей Полторанин допинг қолданғанын мойындап, бостандыққа шыққан еді.

Ал қазақстандық федерация болса Алексейдің байланысқа шықпай, аталған дауға қатысты ешқандай пікір білдірмегенін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы