375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Э.Тұрсынбаева Ресейдегі Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

  • 465
  • UPD: 20:00, 09.03.2019
Э.Тұрсынбаева Ресейдегі Универсиаданың күміс жүлдегері атанды

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.

Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.

Алтын жүлдені жапондық Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-орында.

Хабар 24 телеарнасы