378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елбасы жастарға кеңес берді

  • 280
  • UPD: 11:10, 11.03.2019
Елбасы жастарға кеңес берді

«Президент жастарға кеңес берді». Назарбаевтың мұрағаттағы видеосы жарияланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Телерадиокешені Instagram желісіндегі парақшасында Мемлекет басшысының қазақстандық жастарға арнаған ақыл-өсиеті түсірілген сұхбатты жариялады.

«Жастарға айтатын бір сөзім бар - қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүниежүзінде жұмыс істейді. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? (...) Қазіргі жастарымыз дүние жүзінің азаматтары болды. Жас кезінен әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға - соған үйрену керек. Сонда ғана бізді сыйлайтын болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Хабар 24 телеарнасы