389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағының көкке көтерілуін уақытша тоқтатты

  • 953
  • UPD: 13:25, 13.03.2019
Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағының көкке көтерілуін уақытша тоқтатты Турар Казангапов

Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағын пайдалануға шектеу қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эфиопиядағы ұшақ апатынан кейін бүкіл әлем бойынша әуе компаниялары Boeing 737 MAX ұшағының ұшуын уақытша тоқтатты. Оған лайнердің соңғы 5 айда екінші рет құлауы себеп. Бұған дейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур және Түркия билігі де әуе кемесін сапарға шығармайтын болды. Сондай-ақ бірқатар мемлекет аталмыш типті ұшақтарды қайта бақылаудан өткізу туралы шешім қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Ethiopian Airlines әуе компаниясына қарасты «Boeing 737» ұшағы апатқа ұшырып, 158 адам мерт болды. Былтыр да қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер апатқа ұшырап, 189 жолаушы қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы