377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

  • 219
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Кей жерлерде жауын-шашын жауып, тек республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Басқа аймақтарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен, оңтүстікте шаңды дауылмен болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында жел 15-20, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерлерде жаяу бұрқасын күтіледі, Павлодар обласының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атыоау облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.  Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі,  Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с, күндіз екпіні 28 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде найзағай болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы