388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігі басшылығымен кеңес өткізді

  • 829
  • UPD: 23:22, 20.03.2019

Елдегі ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму әрі құқық қорғау органдары қызметі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  Бүгін Ақордада Президент әкімшілігі басшылығымен өткен кеңесте осы жайттарға баса көңіл бөлінді. Жиынға Мемлекет басшысының көмекшілері де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған салалардағы және халықтың өмір сүруіне тікелей қатысты мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды тапсырды.  Сондай-ақ барлық бағыттар бойынша туындаған мәселелерге жедел көңіл бөліп, тиімді шешу қажеттігін алға тартты.

«Бұдан бөлек, жұмысты үйлестіру мен тапсырмалардың орындалуын бақылау Президент әкімшілігіне жүктелген маңызды міндет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хабар 24 телеарнасы