379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

  • 347
  • UPD: 07:36, 21.03.2019
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Бүгін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі! Тұтас түркі халықтарының ортақ мейрамын халқымыз ежелден тойлап келеді.

Наурыз Қазақстандағы бүкіл ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мерекесіне айналды. Көктем мейрамы жыл сайын жаңа мазмұнмен, сән-салтанатымен түрлене бастады. Биыл да еліміз әз-Наурызды ерекше құрметпен, түрлі мерекелік бағдарламамен атап өтеді. Үш күнге созылатын ұлы тойда театрланған көріністер қойылып, Ұлық мерекенің ұлттық асы - наурыз көже дастарханның көркін кіргізеді. Жеті түрлі тағам түрлерінен әзірленетін көженің өз қадір-қасиеті бар. Ол тоқшылық пен ырыс-құттың жоралғысы саналады. Бүгін араздасқан жұрт татуласып, көпшілік бір-бірінің үйіне қонақ болып, наурыз көжеден дәм татады. Ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде аламан бәйге, көкпар тарту, қыз қуу, қазақ күресі, асық ату секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Қыстан аман шыққан жұрт бір-бірімен көрісіп, қауышады. Жыл басының келгеніне құтты болсын айтады.

Хабар 24 телеарнасы