379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астананы Нұр-Сұлтан қаласы деп атау туралы Жарлыққа қол қойылды

  • 867
  • UPD: 20:00, 26.03.2019
Астананы Нұр-Сұлтан қаласы деп атау туралы Жарлыққа қол қойылды zakon.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің астанасын Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының      Президенті                    Қ.Тоқаев 

Ал мұның алдында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы