379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

  • 244
  • UPD: 15:27, 25.03.2019
Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты Известия

Норвегияның батыс жағалауында апатқа ұшыраған «Viking Sky» саяхат кемесінде екі қазақстандық болды.

Отандастарымыз Ослодағы Қазақстанның елшілігіне көмек сұрау үшін хабарласпағаны белгілі болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, апаттан жарақат алған 27 жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Алты адам ауруханаға жатқызылды. Қазір алып круиздік кеме Молде қаласының портына тоқтады. Жолаушылардың көбі – ағылшын және америкалық туристер. Олардың біразы тікұшақпен эвакуацияланды. Қалғандары жергілікті қонақүйлерге жайғасты. Құтқару жұмыстарына қатты жел мен 8 метр биіктікке көтерілген толқындар кедергі жасаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы